Атырауда 1998-2004 жылдары өтініш бергендерге жер телімі берілуде

15 қаңтар. 2017 жылы Атырау қаласы мен оған қарасты селолық округтерде  тұрғын үй салу үшін 2 мыңға жуық жер телімі берілген.  Бизнес үшін 86  жер  учаскесі саудаға қойылып, 43 учаске аукционда сатылды,-деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

eefea6a3-d248-47f5-b36d-ff9d82a11ff9

Қазір облыста 1998-2004 жылдары өтініш бергендерге жер телімі бөлінуде.

Жеке тұрғын үй салуға жер учаскесі инженерлік коммуникациялар жүргізілгеннен кейін ғана беріледі.  Өткен жылы осы мақсатқа 6 млрд. 987  млн. теңге бөлініпті.

Қала әкімі аппаратының жетекшісі Серік Нысанбаевтың айтуынша, қазіргі таңда қалалық әкімдік мақсатты пайдаланбаған жерлерді қайтаруға жұмыстануда.

«Қала әкімі Серік Шапкенов осы мәселеге айрықша назар аударып отыр. Бүгінде жалпы ауданы 11,7 га. болатын үш жер учаскесі мемлекетке қайтарылды»,-деді Серік Нысанбаев.

Айқара Ғұмар

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*