Атырауда 15 жастағы жеткіншектер көлікті ұрлап, быт-шытын шығарды

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Құрманғазы ауданында көлік ұрлаған Атырау қаласындағы колледж студенті мен аудан орталығындағы мектеп оқушысы ұсталды. Небәрі 15 жастағы жасөспірімдер түнгі мезгілде «ВАЗ 2110» маркалы көлігінің есігін пышақпен ашып, жүргізіп әкеткен.

724cf5661d86535310e49136d0a30347

Бірақ, ауыл сыртындағы бұрылысқа келгенде, көліктің рөлі құлыпталып, аударылған. Әлгілер болса, оқиға орнынан дереу із суытқан. Ақыры, аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің жедел іздестіру шаралары нәтижесінде қолға түскен. Ал, көліктің быт-шыты шыққан. Оның иесіне келтірілген шығын сомасы 600 мың теңгені құрады. Сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары басталып та кетті.

Амандық АБДОЛ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*