Атырауда 11 ұрлық жасаған 17 жасар жасөспірім 3 жылға сотталды

Жақында сотпен берілген тәрбиелену мүмкіндігін пайдаланбай, өзіне сабақ алмаған жасы кәмелетке толмаған сотталушыға қатысты Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188 бабы 3 бөлігінде көрсетілген «Ұрлық» яғни, бөтеннің мүлкін тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй жайға жасырын кіріп, бірнеше рет, ірі мөлшерде жымқыру іс әрекеті үшін айыптау турасындағы қылмыстық іс келісімдік іс жүргізу тәртібімен жүргізілген сот отырысында қаралды.

zhenshhina-kotoraya-vorovala-veshhi-prixozhan-v-tambovskix-xramax-zaderzhana

2000 жылы дүниеге келген сотталушы бұрын да бірнеше рет ұрлық қылмысын жасағаны үшін шартты жазасын өтеп жүріп, қайтадан ұрлығын жалғастырып Атырау қаласында орналасқан он бір үйге ұрлыққа түсіп, жәбірленушілерге барлығы 5131 000 теңге материалдық залал келтіргені сот тергеуіне толық дәлелін тапты.

Сот, сотталушы және жәбірленушілердің процессуалдық келісімін ескеріп, бұрынғы сот үкімімен тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігін ішінара қосып, сотталушыға түпкілікті жаза ретінде 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды, жаза өтеу орнын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесіне тағайындады. Он бір жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын 5131 000 теңге сотталушының заңды өкілі- әкесінен өндіруге үкім етілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*