Атырауда 100 мың гектардан астам жер игерілмеген

Атырау облысында 100,5 мың гектар игерілмеген ауыл шаруашылығының алқаптары анықталды, – деп хабарлайды Атырау облыстық әкімінің баспасөз қызметі.
032e00bb226d9d591e705aaee54da7cc
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, соңғы жылдары түгендеу барысында облыста 100,5 мың гектар игерілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімі анықталды. Олардың ішінде 39,2 мың гектар жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды. 33,1 мың гектар жер телімі қазіргі уақытта мақсатына сай пайдаланыла бастады. Тағы 28,2 мың гектар жердің мәселесін жергілікті атқарушы органдар қарап жатыр.
Өңірімізде аэрофото түсірілім деректерін пайдаланып, түрлі мақсаттағы жерлерді аралап, жер телімін пайдалану саласын тәртіпке келтіру мақсатында арнайы топтар құрылған болатын.
Хорлан Смадияр

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*