Атырауда 1 қазаннан бастап жылу беру маусымы басталады

15 қазанда тұрғын үйлерге жылу берілетін болады. Бұл туралы ӨКҚ өткен брифингте «Атырау жылу жүйелері» АҚ президенті Нұрадин Шамшатов мәлімдеді.

WhatsApp Image 2018-09-21 at 16.27.37 (2)

Спикер жылу беру маусымына дайындық жұмыстарының,барлық жоспарланған жұмыстары толық көлемде аяқталғанын және әлеуметтік нысандардың жылуы уақытылы берілетінін атап өтті.

– Қыркүйектің бірінші жартысында жылу желісін толық өшіру бағдарламасы орындалды және 18 қыркүйекте жылу беру кезеңінде жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасын тексеру үшін беріктігі мен тығыздығына гидравликалық сынақтар өткізілді. Сондай – ақ, күн сайын алдағы жылу беру маусымына тұрғын үй, денсаулық сақтау, білім беру және басқа да әлеуметтік нысандардың қолжетімділігін қадағалап отырамыз. Осылайша, барлық әлеуметтік нысандар, балабақшалар, мектептер, ауруханаларға жылу 1 қазанда қосылады.

Айта кетейік, Атырау қаласына жалпы биылғы жылы жылу 867 көп қабатты тұрғын үйлерге қосылады.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*