Атырау жастары арасында ең үздік балықшылар анықталды

Дүниежүзілік балықшылар күніне орай Атырау қаласының жастар ресурстық орталығы мен облыстық «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен өткен байқауға 16-29 жас аралығындағы азаматтар қатысты.

20180629154826

“Балық аулау жарысы екі күнге жалғасты. Бірінші күні сайыс қатысушыларына су полициясының және құзырлы орган мамандары келіп, балық аулаудың қағидалары мен қауіпсіздік техникасы туралы түсіндірді. Ал екінші күні таңның атысымен жас балықшылар Жайық өзенінің жағалауына жиналып, өздерінің сүйікті ісі – балық аулауға кірісті. Бұл күні ауа райы да тамаша болды. Өзен беті тымық тұрды. Бұл байқау алдағы уақытта жалғасын табады”, – дейді жастар ресурстық орталығының басшысы Серік Қадыров.

Жарыс кезінде жемді дұрыс таңдап, балықты епті ұстау сапасына мән берілді. Ал сайыстың қорытындысы бойынша, бірінші орынды Жеткіншек Құлтеміров алды. Ол 80 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлықпен марапатталды. Жүлделі екінші орынды иеленген Асылбек Сырымовқа 50 мың теңге, үшінші орынды иемденген Досбол Әділовке 30 мың теңге табысталды.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*