Атырау жұртшылығы жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевпен қоштасты(фото)

Бүгін Атырау жұртшылығы белгілі жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевты соңғы сапарына шығарып салды.
Screenshot_9
Шығармалары Қазақстан ғана емес, шет елдерге де танымал болған ерекше дарын иесі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық Шыңғыс Айтматов атындағы академиясының академигі, «Парасат» орденінің иегері, Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданының құрметті азаматы Р.Отарбаевпен қоштасу Махамбет атындағы Атырау облыстық академиялық қазақ драма театрында өтті.
IMG_6874

Жазушы-драматургпен қоштасуға Астана мен Алматыдан, Қазақстан өңірлерінен делегациялар, сондай-ақ шет елдерден Рахымжан Отарбаевты құрмет тұтып, жақын араласқан азаматтар келді.

IMG_6940

Қаралы жиында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жазушының қайталанбас тұлғасына тоқталып, оның есімі ешқашан ұмытылмайтынын жеткізді.

“Рахымжан Отарбаевтың қазасы туған жері Атырау өңірі ғана емес, оның шығармаларын оқып, қойылымдарын көрген барша Қазақ елінің қабырғасын қайыстырып кетті. Шүкіршілік ететіні, соңында ізі де, сөзі де, көзі де қалды. Енді оның атқара алмай кеткен істерін аяқтау – кейінгі ұрпаққа парыз”, – деді өңір басшысы.

IMG_6993

IMG_6966

Қаралы жиында, сондай-ақ, театр және кино тарланы, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов, ақындар, “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Жанарбек Әшімжан, Ақұштап Бақтыгереева және басқалар азалы сөзін арнады.

“Сонау ғасырлардағы ұлылар мен сал-серілердің жалғасындай болған Рахымжан Отарбаев сөзі ғана емес, жүріс-тұрысына дейін ешкімге ұқсамайтын дара тұлға еді. Көркем прозасы өз алдына, Бейбарыс, Махамбет, Құрманғазы сынды ұлылардың театрдағы бейнесін сомдап кетті. Бұл бір адамға аз дүние емес. Айтматовтың өзі жоғары бағалаған Рахымжанның екінші, мәңгілік өмірі енді басталды” – деді Асанәлі Әшімов.

IMG_7012

Р.Отарбаевтың қазасына орай жеткен жеделхаттар да оқылды.

IMG_6853

IMG_7047

62 жасқа қараған шағында дүниеден озған жазушы-драматургтің соңында мол мұрасы қалды.

Хорлан Смадияр

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*