«АТЫРАУ» ПРЕМЬЕР-ЛИГАДАҒЫ ОРНЫН САҚТАП ҚАЛДЫ

Өз алаңындағы соңғы ойынға «атыраулықтар» төмендегі құрамда шықты: А.Шабанов, А.Щеткин, Р.Абдулин, Дж.Туторич, Г.Пейкришвили, А.Маров, Д.Радионов, С.Куцов, М.Самченко, Й.Голич және Н.Миланкович. Бұл ойыншылар қарсыласты қақпа маңына жақындатпау үшін тырысып бақты. Сонымен қатар, ауысымға шыққан М.Стойчев, А.Нұрыбеков пен Е.Овшиновтар ойынға жаңа леп әкелді. 
Ойын соңына дейін «Тараз» есепті теңестіру мүмкіндіктерін пайдалануға тырысты. Бірақ, ешқандай нәтиже шығара алмады.
Ең бастысы, біздің атыраулық командамыз келесі маусымдағы Премьер-лигадағы өз орнын сақтап қалды. Алдағы мақсат – келесі маусымда алғашқы алтылық құрамына кіру. Бұл жетістікке жету ойыншылар мен бапкерлер құрамына байланысты.
Ел біріншілігінің соңғы турында «Атырау» Оралдың «Ақжайық» командасымен кездеседі. Ойын 2-нші қараша күні қарсыластар алаңында өтеді.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*