Атырау облысының жергілікті соттарында кадрлық өзгерістер орын алды (ФОТО)

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 20 қазандағы №564 Жарлығымен Мейрамбек Ибрагимұлы Нағашыбаев Атырау қаласының №2 сотының төрағасы болып тағайындалды. Ал бұрын осы сотты басқарған Айгүл Қуанышқызы Ташенова Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы болып сайланды. Сондай-ақ, Данияр Қалыбайұлы Сариев облыстық мамандандырылған экономикалық сотының судьясы қызметіне кірісті.

1

 Салтанатты жағдайда Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов, жаңадан тағайындалған төрағалар мен судьяларды сот корпусына таныстырып, олардың алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

2

Мейрамбек Нағашыбаев – еңбек жолын Алматы қаласының тұрғын үй шаруашылығы трестінің заңгері болып бастап, кейін Алматы қаласы, Әуезов аудандық сот учаскесінің сот орындаушысы боп қызмет еткен. 2003 жылдан 2007 жылға дейін Орал қалалық, Шыңғырлау аудандық соттарының судьясы болған. 2007 жылдан бастап Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы, кейін сот алқасының төрағасы лауазымдарын атқарды.

Айгүл Ташенова – алғашқыда Гурьев облыстық адвокаттар алқасының адвокаты, кейін Атырау облысы Балықшы аудандық сотының судьясы болып қызмет атқарған. ҚР Әділет министрлігінің соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінде басшылық лауазымдарда, Астана қаласының №2 аудандық сотының судьясы, төрағасы, Атырау облыстық сотының апелляциялық және кассациялық сот алқаларының төрағасы лауазымдарында болған.

Данияр Сариев – еңбек жолын Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің бас маманы болып бастап, тілдерді дамыту Департаментінде, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Департаментінде, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде жауапты қызметтер атқарған. 2009 жылы Атырау қалалық сотының судьясы болып тағайындалған. 2014-2017 жылдары аралығында Ақтөбе қалалық сотының судьясы болып қызмет етті.

4

Айқара Ғұмар

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*