Атырау облысының әкімі әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

Бүгін М.Өтемісов атындағы драма театрында 8 наурыз-Халықаралық əйелдер мерекесіне арналған  салтанатты шара өтті. Концертте өнер ұжымдары мен отандық эстрада жұлдыздары мен Д.Нұрпейісова атындағы халық аспаптары академиялық оркестрының музыканттары өнер көрсетті.
IMG-20180307-WA0035
Мереке қарсаңында өңір басшысы көп балалы аналарды марапаттады-Құрманғазы ауданының тұрғыны,мұғалім Гүлмира Ибрашева  “Алтын алқа”, Атырау қаласының тұрғыны, Анна Горбунова, мамандығы бойынша электрик “Күміс алқа” иегері атанды.
IMG-20180307-WA0041

Атырау облысының дамуына қосқан үлесі үшін бірнеше нəзік жандылар алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ, Атырау облысының əкімі Нұрлан Ноғаев барлық əйелдер қауымын мерекемен құттықтады.

– Өздеріңізді 8 наурыз мерекесімен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Көктемнің шуақты күндерінде жүректеріңізде қуаныш ұяласын. Нəзік жандылар еліміздің дамуына аз үлес қосқан жоқ. Менің өздеріңізге деген сыйластығым шексіз, əйел, ана, отбасының ұйытқысы болғанымен қоймай, еліміздің əлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосушысыздар. Еліміздегі əйелдердің бойындағы намыс, адамгершілік, ақылы мен көркі секілді қасиеттері жоғалмасын. Өмірлеріңізде қуанышты сəттер көп болсын деп тілеймін. Отбасыларыңызға бақыт, денсаулық, бастамаларыңызға сəттілік,- деп Нұрлан Ноғаев нəзік жандыларға тілегін білдірді.

 

Хорлан Смадияр

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*