Атырау облысының әкімі халықтың шағымдарына уақытылы жауап беруді тапсырды

Атырау облысының әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-09-26 at 12.37.38

Күн тәртібінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшілердің этикалық кодексінің сақталуын қамтамасыз ету шаралары талқыланды.

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ерлан Жанбаев және Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті департаментінің бастығы Нұрлан Ахметбаев облыс басшысына есеп берді.

Баяндамашылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі шаралардың талдау нәтижелерін жариялады.

– Біз цифрландыруды енгізуге ерекше назар аударамыз. Қазіргі уақытта мемлекеттік кіріс органдарынан мемлекеттік қызметтің 48 түрі ұсынылып отыр. 26 қызмет түрі «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, қағаз форматында ұсынылатын 14 мемлекеттік қызметті электрондық форматқа аудару бойынша жұмыстар жүргізілуде, – деді Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бастығы Ерлан Жанбаев.

Аймақ басшысы мемлекеттік кіріс органдарының атқарған жұмысына оң баға беріп ,өңірде мемлекеттік органдар мен халық арасында тікелей байланыс орнату бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

– Елбасының тапсырмасы бойынша, мемлекеттік органдардың жұртшылықпен кері байланыс орнату жұмысы жүргізілуде және барлық деңгейдегі басшылар азаматтардың жеке қабылдауларын жүргізеді. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде Telegram және ACQ қосымшасы белсенді жұмыс істеуде.Олардың әрқайсысында 3000-3 500 адам тіркелген, барлық өтініштер жан жақты қарастырылып, содан кейін халықпен тікелей байланысқа шығады ,– деп мәлімдеді Нұрлан Ноғаев.
Атырау облысының әкімі барлық мемлекеттік органдардың басшыларына халықтың шағымдары мен өтініштеріне уақтылы жауап беруді, күн сайын ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруды тапсырды.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*