Атырау облысының делегациясы Астанаға Алтын адам мен домбыра коллекциясын апарды

Елордада Астананың 20 жылдығына және Атырау облысының 80 жылдығына орай, республикалық Домбыра күніне арналған көрме ашылды, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

IMG_0140-30-06-18-04-54

Атырау облыстық әкімдігі ұйымдастырған экспозиция ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өтті. Оған Парламент Сенатының депутаты Ғұмар Дүйсембаев, ақын-жазушылар, мәдениет, өнер қайраткерлері, астаналықтар мен қала қонақтары, БАҚ өкілдері қатысты.

“Атырау Астананы құттықтайды” атты көрмеге аймақтағы музейлер мен кітапханалардағы жәдігерлер қойылды. Шара мақсаты – Астана тұрғындары мен қонақтарын Атырау облысының 80 жылдық тарихымен таныстыру. Жергілікті ақын-жазушылардың жаңа жинақтары, кітаптары да көрмеден орын алды. Келушілерге 200 тарихи, этнографиялық, археологиялық экспонаттар ұсынылды, оның ішінде Алтын адам мен көне Сарайшық қаласынан табылған құнды дүниелер де бар.

IMG_0142-30-06-18-04-54

Мемлекет басшысы бекіткен Домбыра күнінің құрметіне көрме барысында қонақтар Атырау топырағында туған Құрманғазы мен Динаның күйлерін тыңдады.

Атырау – күй отаны саналады. Атақты домбырашылардың арқасында күй өнері ғасырдан ғасырға жалғасып келеді. Домбыра- қазақ мәдениетінің бір бөлшегі ғана емес, мыңдаған адамдардың жүректерін жылытқан ұлттық аспабымыз, – дейді ақын, аудармашы Маржан Ершу.

Музей қорындағы Рысбай Ғабдиев, Қаршыға Ахмедияров, Әзидолла Есқалиев, Ғатау Ибішов, Әсима Ізмұхамбетова, Нариман Үлкенбаев, Илья Жақанов секілді өнер қайраткерлерінің домбыраларымен атыраулық өнерпаздар ән айтып, күй тартты.

IMG_0144-30-06-18-04-54

Көрмеге жергілікті қолөнер шеберлерінің туындылары да қойылды. Шара аясында “Домбыра – дастан” кітабының тұсаукесері өтті. Ол кітапта музей қорында сақтаулы ұлттық аспаптар жайында жазылған.

Бүгінгі көрме Атырау облысының бай мұрасы туралы толық мәлімет берді. Белгілі ақын-жазушылардың, домбырашылардың шығармашылығымен таныстық. Әрине, бір көрме арқылы аймақтың бар байлығын көрсету қиын. Алайда, Алтын адам, домбыра коллекциясы, керемет кітаптар сияқты негізгі жәдігерлер өңір жайында шежірелі сыр шертеді, – дейді ҚР Ардагерлер ұйымы орталық кеңесі төрағасының орынбасары Өмірзақ Озғанбай.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*