Атырау облысында тірідей өртенген жігіт дүкенін адыраспанмен аластамақ болған

Атырау облысында жас жігіт жұрттың көз алдында қызыл жалынға оранды. Оқиға Құлсарыда болған деп хабарлайды КТК арнасы.

pogudx41p4rt00nub.b9bbcd84

Жергілікті базарлардың бірінде сатушы болып істейтін азамат бутигін пәле-жаладан түтінмен аластаймын деп, ауруханадан бір-ақ шықты.

Бутигін аластап болған соң ырымшыл жігіт қолындағы бықсыған шөпті қоқыс шелегіне тастай салыпты. Ал, ол одан әрі жана бастаған. Мұны көрген сатушы шелекті ала сап далаға жүгіргенде, сүрініп құлап, үстіндегі киіміне от тиіпті.

Зардап шеккен азамат қазір аудандық аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр. Денесінің 30 пайызын күйік шалған екен.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*