Атырау облысында тұзды көлге шипажай салу жоспарлануда

Атырау облысының Индер ауданында суы тұзды көлге шипажай салу жоспарланып отыр.
111 - Copy 1

Өткен жылы қазақстандық ғалымдар Ресейдің медициналық биология агенттігіне қарасты курортология ғылыми-зерттеу институтының өкілдерімен бірлесіп, осы көл суының құрамын зерттеген болатын. Зерттеу барысында ғалымдар тұзды судың балшығының түрлі ауруларды емдеу мүмкіндігінің өте жоғары екендігін дәлелдеді.

«Суда өте мол көлемде калий, магний, бром, лити, цезий, рубиди, йод және өзге де көптеген химиялық элементтер бар. Курортты аймақтың құрылуы Қазақстанның курортты-туризм саласына тың серпін береді», – делінген ғалымдардың еңбектерінде.

Мамандардың Индер ауданында шипажайдың салынуын жергілікті билік өкілдері де қолдап отыр.

«Бұл жерде жоспарланған істің жүзеге асуына тежеу болып отырған бір мәселе бар. Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің мәліметінше, Үкімет қаулысында Индер ауданындағы тұзды өзен қорғалатын нысанардың тізіміне жатады деп көрсетілген. Сол себепті шипажай салу мәселесін жүзеге асыру үшін өзенді осы нысандар тізімінен алу керек. Сонда жер қойнауын пайдалану құқығы мен емдеу-сауықтыру орнының құрылысына қажетті жер алуға мүмкіндік туады. Біз қазір осы бағытта тиісті келіссөздер жүргізіп жатырмыз»,-деді облыс әкімінің орынбасары Сағындық Лұқпанов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Хорлан Смадияр

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*