Атырау облысында тұрғындар дәрігерге мобильді қосымша арқылы жазылады

Науқастар енді дәрігердің қабылдауына бару үшін кезекке тұрмайды.

запись-к-врачу-620x400

Атырау облысында медицина саласына цифрландыру жобасы енгізіліп жатыр. Енді тұрғындар мобильді қосымшалармен өзі таңдаған денсаулық сақтау мекемесінің ғаламтордағы желісі арқылы өтініш бере алады. Бұл – “Цифрлы Қазақстан” жобасының жетістігі, деп хабарлады 24.kz.

Аймақтағы медициналық мекемелер электронды жүйелер арқылы қағазбастылықтан арылып, науқастармен көбірек жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Енді көпшілік үйден шықпай-ақ қалта телефоны арқылы қалаған дәрігердің қабылдауына өтініш бере алады. Мамандардың айтуынша, ақпараттық технологиялардың мұндай жетістігіне тұрғындардың да күн санап ықыласы ауып келеді.

“Бұл цифрлық жүйенің көптеген артықшылықтары бар. Мәселен, қандай да бір дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылған науқас дәрігерді, мамандарды ескертіп, қабылдау уақытын өзгертуге мүмкіндігі бар. Бұл екі жақтың да уақытын алмайды, есесіне біздің дәрігерлер басқа тұрғындармен жұмыс істейді. Қазірдің өзінде 9 мыңға жуық тұрғын осы электронды жүйені тиімді пайдаланып отыр”, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Құдайбергенова.

Хорлан Смадияр

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*