Атырау облысында өрт сөндіруге 21 тонна су кетті

Атырау облысында қамыс өртеніп, өрт сөндіруге Төтенше жағдай жөніндегі комитет авиациясы жұмылдырылды. Өртті су ағызатын құрылғысы бар тікұшақпен сөндірді.

20180410205815

«Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында 15 гектар жерді шарпыған қамыс өрті сөндірілді. Тікұшаққа СТҚ-5 су төгу құрылғысы орнатылған. Соның көмегімен 21 тонна су шашылды», – деп хабарлайды Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

Өртті ауыздықтауға Атырау облысының өрт сөндіру қызметі, «Ақ жайық» қызметкерлері, «Спецавтобаза» ЖШС, «АтырауСуАрнасы», «ҚазМұнайГаз» ЖШС жұмылдырылды.

Хорлан СМАДИЯР

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*