Атырау облысында “Нұрлы жол” аясында құрылыс жұмыстары жалғасады

Атырау облысында көлік жолдарының құрылысы жалғасады. Биыл республикалық “Нұрлы жол” бағдарламасы аясында облыс ішінде 60 шақырым жол жөнделеді. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады.

155

Сондай-ақ, Атырау қаласы мен таяу елді мекендерде ұзындығы 220 шақырымдық 207 көшенің жобалық сметалық құжаттары дайындалатыны белгілі болды.

“Соның 432 шақырымы қайта жаңғыртуды қажет етеді. Жобалық сметалық құжаттамасы дайын. 6 лотқа бөлінген. Бұл бағытты қаржыландыру ИДБ арқылы жоспарланған. Қазіргі таңда министрлікпен ИДБ аралықта құжаттар жасақталып жатыр. Салалық министрліктің ақпаратына сәйкес аталған жолды жаңғырту биыл басталады”, – деді облыстық жолаушылар тасымалы автокөлік жолдары басқармасының басшысы Қайрат Нұртаев.

Хорлан Смадияр

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*