Атырау облысында биыл 300 өңірлік білім гранты беріледі

Атырау облысында биыл 300 өңірлік білім гранты беріледі. Сол арқылы аймақта маман тапшылығы мәселесі шешімін табады, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
38f27415-e67f-4305-b717-1ef10743b0bc

Бүгін Атырау облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев облыс студенттерімен кездесіп, онда еңбек нарығындағы өзгерістерді және цифрландыру мен автоматтандыру жаңалықтарын ескере отырып, қажетті дағдыларды үйрету туралы сөз қозғады. Сондай-ақ, жатақханалармен қамтамасыз ету мәселесі де көтерілді.

– Атырау облысындағы 3 жоғары оқу орны мен 25 колледж бар. Аймақта 100 орындық екі жатақхана құрылысы жүріп жатыр. 100 және 150 орындық екі жатақхана құрылысына тендерлік рәсімдер жасалып, жалпы сыйымдылығы 960 орындық 8 жатақхананың ЖСҚ дайындалуда. Елбасының тапсырмасымен «ҚР Білім туралы» Заңына өзгертулер енгізілді. Сол арқылы өткен жылдан бастап Атырау облысында жергілікті бюджеттен маман тапшылығы бар салалар бойынша 222 өңірлік грант берілді. Осы мақсатқа 106 млн теңге бөлінді. Қазір өңірлік грант арқылы 222 студент: 35 болашақ дәрігер, 178 мұғалім, 9 ауыл шаруашылығы саласының маманы жоғары білім алып жатыр, – деді Премьер-Министрге Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

30c61aa0-94a1-43c5-93e5-72bcf6d3ced3

Аймақ басшысының айтуынша, атыраулық студенттер Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде, Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде, Астана медицина университетінде жоғары білім алуда.

– Педагогтардың айтуынша, барлық студенттердің оқу үлгерімдері жақсы. Оқуларын бітіргеннен кейін олар келісімшарт бойынша Атырау қаласында және аудандарда мемлекеттік мекемелерде 5 жыл қызмет етуге міндетті. Мемлекет басшысының бастамасы арқасында бұл жұмыс биыл да жалғасады. Біз биыл 300 грант бөлуді жоспарлап отырмыз, оған қажет қаражат жеткілікті, – деді Нұрлан Ноғаев.

Өткен жылы 222 грантты алуға облыс бойынша 700 мектеп түлегінен өтініш түскен. Қазір грант ұтып алуға ниетті абитуриенттермен белсенді жұмыс жүріп жатыр.

Айта кетейік, өңірлік гранттар облыстағы кадр жетіспеушілігі бар салаларға бағытталған. Мысалы, 2016 жылы 240 дәрігер жетпеген болса, былтыр 126 дәрігер келген, соның 75-і жаңадан оқу бітіргендер.

Хорлан СМАДИЯР

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*