Атырау облысында бес мыңнан аса түлек үшін соңғы қоңырау соғылды

Биыл Атырау облысында 5183 оқушы мектеп бітірді. Оның 153-і «Алтын белгіге», 91- і үздік аттестатқа үміткер, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-05-25 at 16.08.32 (3)

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев «Білім-Инновация» Атырау облыстық лицей-интернатын бітірушілердің соңғы қоңырау салтанатына қатысты.

Мемлекет басшысы өз сөздерінде жастарымыз әлемдік аренада бәсекеге қабілетті болуы қажеттігін жиі айтып келеді. Мұның негізгі критерийлерінің бірі – сапалы білім алу. Бүгінгі күні облыс мектептерінде бұл үшін барлық жағдай жасалған. Біз мектептердің санын көбейтудеміз, оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жақсартудамыз. Осы сәтті пайдалана отырып, ағымдағы оқу жылын бітірушілерді құттықтаймын. Оларға жетістіктер, білімге деген құштарлық пен жеңістер тілеймін, – деді Нұрлан Ноғаев.

WhatsApp Image 2018-05-25 at 16.08.32 (2)

Лицей директорының орынбасары Нұрбек Амановтың айтуынша, 2017-2018 оқу жылы оқу орны үшін жақсы көрсеткіштермен аяқталды.

Осы оқу жылының түлектері облыстық олимпиадаларда 45 жүлделі орындарды иеленді. Республикалық деңгейде 12 оқушы түрлі жарыстар мен олимпиадаларда жүлделі орындар алды. Халықаралық деңгейде 15 оқушы білім беру конкурстарының жүлдегерлері атанды, – деді директордың оқу бөлімі жөніндегі орынбасары Нұрбек Аманов.

WhatsApp Image 2018-05-25 at 16.08.33

Айта кетейік, лицейдің үш бітірушісі Гонконг және Канаданың университеттеріне оқуға түсті. 12 түлек Назарбаев университетіне тікелей грант иеленді.

Хорлан Смадияр

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*