Атырау облысында балық қорғау заңнамасын 731 жағдай анықталды

«Бекіре-2018» балық қорғау акциясы бойынша үйлестіру қызметкерлерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

84562

Табиғи ресурстарды қорғау және балық аулауды реттеу басқармасының басшысы Арман Утепов ауқымды шараның қорытындысы туралы баяндады.

«Акция кезінде балық қорғау заңнамасын бұзушыларға 13,3 миллион теңге әкімшілік айыппұл салынды және балық ресурстарына келтірілген залал үшін сотпен 686 мың теңге талап етілді. Балық қорғау қызметкерлерімен 502, құқық қорғау органдарымен 393, шекара қызметкерлерімен 195 заң бұзушылық анықталды», – дейді Арман Утепов.

Сонымен қатар, акция кезеңінде «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты жұмысшыларымен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жеке түрлерінде 27 заң бұзушылық тіркелген. Балық қорғау инспекторлары су техникасын, балық аулау құралдарын және заңсыз ұсталған балықтарды тәркілеген.

«Қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде, балықшылардан 19 тонна 717 келі балық, оның ішінде 3 тонна 799,1 келі бекіре тұқымдас балық, 11 келі 400 грамм бекіре уылдырығы, 460 дана аулау құралы және 63 дана жүзу мен көлік құралдары алынды», – дейді Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Данияр Баймағамбетов.

Айта кетейік, бүгінгі таңда жалпы лимитті игеру 34 пайызды құрап отыр. Балық ресурстарын пайдаланғаны үшін балық шаруашылығы субъектілерінен мемлекеттің бюджетіне 75 миллион теңге ақша аударылған.

Хорлан Смадияр

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*