Атырау облысында алғашқы жел электр станциясы салынып жатыр

Басты жаңалық Шаһар шырайы

Исатай ауданында қуаты 52 мегаватт болатын өңірдегі алғашқы жел электр станциясының құрылысы жүруде, нысанның пайдалануға берілетінін уақыты 2020 жылға жоспарлануда.

d6eb5e657ee20a6d22ae54f868bb83ec_resize_w_782_h_439

Құрылыс жұмыстарына Каспий теңізі жағалауындағы Манаш ауыл маңы таңдалған. Таңдау кездейсоқ емес. Зерттеулерге сәйкес, бұл жерде желдің жылдамдығы 10-12 м/с-қа жетеді. Электр станциясының тұрақты жұмыс істеуі үшін 4 м/с жеткілікті. Барлығы 36 жел қондырғыларын орнату жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта жетеуі орнатылған. Олардың әрқайсысының салмағы шамамен 230 тонна, биіктігі 100 метрден асады.

«Электр станциясының құрылысы жаңартылған электр қуаты көздерінің құрылысын дамытуға арналған бағдарлама негізінде жүргізілуде. Жоба жел парктерін салуды, сондай-ақ, «Атыраужарық» АҚ-ның желілеріне қосылатын екі қосалқы станцияның құрылысын салуды көздейді. Жоба «ВетроЭнерготехнологии» ЖШС бастамасымен жүзеге асырылуда. Жобаның құны 12,3 млрд теңгені құрайды. Құрылыстың аяқталу мерзімі – 2020 жыл. Бұл станция Атырау облысында өндірілетін барлық электр қуатының 13-14% пайызын өндіретін болады», – дейді энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жұмабай Қарағаев.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *