Атырау мектептерінде МС Сайлаубек пен Баян Есентаева туралы сұрақтар тестілеуге енгізілген бе?

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімінің орынбасары Нұрсәуле Сайлауованың қатысуымен брифинг өтті. БАҚ өкілдері білім беру, денсаулық сақтау, жастар саясаты, дін салаларына  байланысты көкейкесті сауалдарға  жауап алды.

Hand completing a multiple choice exam.

Назарбаев зияткерлік мектебіне түсу үшін тапсырылатын тест сұрақтарының ішінде «Сайлаубек қалай танымал болды?» деген сұрақ және оның бірнеше жауабы кездескен болатын.  Оқушылар білімін таразылауға арналған осындай тест сауалдарындағы Баян Есентаеваға қатысты сұрақ та болған еді. “Бұл тест сұрақтары қалай дайындалады?” деген сұраққа облыс әкімінің орынбасары Нұрсауле Сайлауова:

Әлеуметтік желідегі айтып отырған мәселені оқып, Атырау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебіне өзім барып, сұрақтармен таныстым. Түгелдей оқып шықтым. Мұндай сұрақ жоқ. Сонымен қатар, Баян Есентаева жайлы да айтылған жәйтті анықтадық. Ондай сұрақтар берілмеген. Кітапшалар да түгел тексерілді.  Тест сұрақтарын министрліктегі арнайы орталық мамандары дайындайды. Мұндай сорақылыққа жол берілмейді. Мұны әлеуметтік желіге салып отырғандар – білім саласына жала жапқысы келетіндер. Сондықтан, сақ болған жөн”, -дейді.

Хорлан Смадияр

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*