Атырау – Малайзия: әріптестіктің жаңа белесінде

Кеше облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Малайзияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дато Хидайат бин Абдул Хамидті қабылдады. Қазақстанның Малайзиямен арадағы әріптестік қатынасы әлі де болса дамытуды қажет ететіндігін айтқан облыс басшысы Нұрлан Ноғаев екіжақты байланыстың жаңа жұмыс орындарының ашылуына, мемлекетке түсетін салық көлемінің артуына, даму перспективаларына алып келетіндігін айтты.

%d0%b0%d1%82%d1%8b%d1%80%d0%b0%d1%83-%d0%bc%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d0%b9%d0%b7%d0%b8%d1%8f

Малайзия елшісі Абдул Хамид Атырау өңірінің мұнай мен газ кешенін дамытуда маңызды роль атқаратындығын атап өтті. «Біздің бірқатар компанияларымыз Атыраудағы мұнай-газ секторы бойынша зерттеулер жүргізді. Нәтижесінде мұнайлы өңірдің даму перспективасы жоғары деп шешіп отырмыз. Сондай-ақ, біз туризм, сауда, Ислам банкі, бизнес саласында да әріптестікке дайынбыз» деп атап өтті ол.

Айта кеткен жөн, бұған дейін Атырауда зерттеу жұмыстарын жүргізген бірқатар малайзиялық компаниялар жоғары технологияға негізделген мұнай, газбен жабдықтау және қызмет көрсету базасын құруды жоспарлап отыр. Тіпті кеше, осы мақсатта бірінші кеңсе де ашылды.

Сондай-ақ, қуаттылығы жылына 500 мың тонна болатын полипропилен өндіру, жылдық қуаты 800 мың және 250 мың тоннаға шақталған бутадиен өндіру мақсатында бірлескен жобалар іске асырылады деп күтілуде. Бүгінгі таңда Атырау облысында малайзиялық капиталға ие екі кәсіпорын тіркелген. Олар көтерме бағамен механикалық станок сатумен айналысатын «Провиденс Дойтч» ЖШС және нарыққа кең спектрлі тауар өнімдерін ұсынып отырған «Маркюиин» компаниясының филиалы.

Суретті түсірген:

Ерлан АЛТЫБАЕВ.

 

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*