Атырау мұнай өңдеу зауыты Еуро-4 және Еуро-5 мотор майларын өндіруді ұлғайтады

Атырау мұнай өңдеу зауытында мұнайды тереңдетіп өңдеу кешенінің іске қосылуын бірнеше рет жоспарлаған, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2017-12-15 at 15.33.51

Бүгінгі Атырау мұнай өңдеу зауытында Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешенін іске қосу жұмыстарын салтанатты түрде жүргізу зауытты жаңғыртудың үшінші кезеңінің аяқталуын көрсетіп отыр.

WhatsApp Image 2017-12-15 at 15.33.52

Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешенінің құрылысы индустрияландыру картасына енгізілді және ол мұнай өңдеу тереңдігін ұлғайтуға, әлемдік деңгейдегі мотор отындарының көлемін ұлғайтуға бағытталған.

WhatsApp Image 2017-12-15 at 15.33.52(1)

Құрылыс жұмыстарына 4000 адам жұмылдырылды. МТӨК жүзеге асыру барысында 490 жаңа жұмыс орны ашылды.

«Бұл кешен іске қосылған соң автокөлік жанармайын өңдеу жылына 1 миллион 700  мың тоннаға дейін, дизель шығару  23 пайызға, авиакеросин болса 244 мың тоннаға дейін артады. Атырау мұнай өңдеу зауыты К4 және К5 (яғни Еуро-4, Еуро-5) экологиялық классқа жататын мотор майларын шығарып, мұнай өңдеу тереңдігін 84 пайызға дейін ұлғайтад»,-дейді «АМӨЗ» ЖШС бас директоры Ғалымжан Амантурлин.

Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*