«Атырау-Индер» жолында автокөлік бір отар қойды қағып кетті (ВИДЕО)

«Атырау-Индер» жолында автокөлік бір отар қойды қағып кетті. Салдарынан, отар иесі 27 қойынан айырылған.

1

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. Оқиға 10 желтоқсан күні, сағат 09:00-де «Атырау-Индер» тас жолының бойындағы Ақжайық селосының аумағында болған.

Оралдан Атырауға бағыт алған «Тойота Камри» көлігінің жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан бір отар қойды байқамай қалғанын айтады.

Бүгінде 29 жасар Орал қаласының жүргізушісіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 610-інші бабы, 1-інші бөлімі бойынша хаттама толтырылып, сотқа жолданған.

Айдос Қарабала

Видео Instagram желісіндегі zello_atyrau парақшасынан алынған

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*