«Атырау» футбол командасының жаңа бапкері таныстырылды

Енді «Атырауды» ресейлік бапкер Сергей Павлов жаттықтырады. Жергілікті клуб басшылығы жанкүйерлерге жаңа бас бапкерді ресми түрде таныстырды.

ПАВЛОВ

Кездесу барысында ол қазақстандық клубты жаттықтыруға шақырту алғанына ризашылығын білдірді.

«Атыраудың» қарағандылық «Шахтермен» ойынын тамашаладым. Матчтың соңғы минуттарына дейін жанкүйерлер білдірген қолдауға тәнті болдым. Футбол, ең алдымен, жанкүйерлер үшін керек. Олар болмаса, ештеңеге таласудың да қажеті жоқ, – деп атап өтті жаңа бапкер.

Сергей Павлов ойыншы ретінде «Авангард» және «Текстильщик» сапында өнер көрсеткен. Алайда, 21 жасында ауыр жарақат алып, жасыл алаңмен қоштасуға тура келді.

Ал, өзінің кәсіби мансабында көптеген командалармен жұмыс жасаған. Атап айтсақ, «Энергия» (Камышин), «Сатурн» (Раменское), «Уралан» (Элиста), «Черноморец» (Новосроссийск), «Луч-Энергии» (Владивосток), «Кубань» (Краснодар), «Шинник» (Ярославль) және мәскеулік «Торпедо» командаларында еңбек еткен. Соның ішінде, бес клубты Ресей чемпионатының жоғары дивизионына шығарды. Бұған қоса, Ресей ұлттық құрамасы мен мәскеулік «Спартак» командасында бас бапкердің көмекшісі болған.

Ал, ең соңғы клубы – тулалық «Арсенал». Мұнда ол команданың бас бапкері болып, клубты Премьер-лигаға шығарды.

Айгүл ЕРТІЛЕУ

(Сурет «Атырау» футбол клубының баспасөз қызметінен алынды).

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*