«Атырау» елордада ойсырай ұтылды

«Астана-Аренада» өткен премьер-лиганың кезекті турында жерлестеріміз астаналықтардан 7:0 есебімен ойсырай ұтылды.

5932da4590032

Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ Астана қонақтарды қыспаққа алып, толассыз шабуыл ұйымдастырумен болды. Алғаш боп есепті 28-минутта Серікжан Мұжықов ашты. Араға 10 минут салып аталған ойыншы есепті еселей түсті. Бірінші кезеңнің нүктесін 44-минутта Роман Мұртазаев қойды.

Екінші кезеңде де алаң иелері шабуылын үдете түсті. 60-минутта Марин Томасов қақпаны дәл көздесе, 69-минутта Срджан Граховац есепті 5:0-ге жеткізді.

Алайда алаң иелері мұнымен шектелген жоқ. 86-минутта астаналықтар сапында Патрик Твумаси көзге түссе, 87-минутта Марин Томасов қонақтар қақпасына екінші голын дарытты.

Сүйтіп, былтырғы ел чемпионы «Астана» футбол командасы бұл маусымдағы ең ірі жеңісіне қол жеткізді.

Естеріңізге салайық, «Астана» турнир кестесінде 60 ұпаймен бірінші орында, ал жерлестеріміз 25 ұпаймен 9-орында келеді.

 

Р.СӘБИТҰЛЫ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*