Атырау аймағының аумағы кеңейеді

Облыс орталығы бірден екі ауылдық округпен толығады. Атап айтқанда, Балықшы және Жұмыскер ауылдық округтері Атырау қаласы құрамына кіретін болады.

IMG-20171215-WA0001

Мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы Жігер Ибатоллаұлы мәлімдегендей,  бұл іс облыс орталықтарынан бес шақырым қашықтықта орналасқан ауыл және ауылдық округтерді оңтайландыруға бағытталған мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау барысында атқарылды. Айта кетейік, аталған ауылдық округтерде жалпы саны 30,5 мың адам тұрады.

IMG-20171215-WA0000

Өз кезегінде қала әкімі Серік Шапкенов бұл үлкен істің бастауы екенін атап өтті: «Қала шекарасы кеңейіп келеді, соған сәйкес қала маңындағы сәулет көрінісі де өзгереді. Атырау өсіп, өркендеп келеді, алдымызда біз атқарар үлкен істер тұр. Бізді алда көптеген өзгерістер күтіп тұр» деді қала әкімі.

IMG-20171215-WA0002

Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*