Бар жақсылығым желтоқсаннан басталған…

EAC0866 Жаңалықтар

Ел тәуелсіздігінің қалай келгенін қазақстандықтар өте жақсы біледі. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясаты арқасында қаншама игілік жүзеге асты десеңізші. Ал, менің өміріме қатысты жағымды жаңалықтың бәрі де  желтоқсан айында жүзеге асыпты.

????????????????????????????????????

Сонау 1991 жылдың желтоқсанында Алматыда өткен Тайсойған полигонын жабу жөніндегі тікелей эфир – теле-акцияға қатысып, сөз сөйледім. Сол кездегі республикалық «Қазақстан әйелдері» журналының бас редакторы Алтыншаш Жағанова өз редакциясында қонақ етіп, кейін журналдың мұқабасына суретімді шығарды. Содан бері Алтыншаш апаймен тығыз байланыста болдым.

Ал, 2016 жылы Тәуелсіздік күні қарсаңында «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталдым. 1984 жылдың желтоқсанында Қызылқоға аудандық кеңесі атқару комитетінің төрағасы Аташ Досалиев ағамыз маған үлкен сенім артып, Ойыл ауылдық округі Жасқайрат ауылына кеңес төрағасы етіп тағайындады. Сол қызметті мен 1991 жылдың соңына дейін абыроймен атқардым. Желтоқсан айында аудан әкімі Есенгелді Нұршаев мені ауыл әкімі етіп тағайындап еді. Сол қызметте 1999 жылдың желтоқсанына дейін, яғни он бес жыл бойы атыма кір келтірмедім.

Сыйлы ағаларымның шын тілегі мен ақ батасы арқасында ауыл экономикасына қатысты діттеген міндет-мақсаттарды жүзеге асыра білгенімді мақтан тұтамын. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, халқымыз ғұмырлы болғай!

Ұлдай ӘЙТІШЕВА,

Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз