Атырау қаласында жылына 30 млн бекіре шабағы өсірілмек

Жаңалықтар

Атырауда бекіре тұқымдас балықтардың шабақтарын өсіретін екі балық өсіру зауыты реконструкцияланады.

szWDbgw3cSBUhm4y7aOgl1wOsxgGUv

“Жайық-Каспий және Атырау балық өсіру зауыттарының жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып жатыр. Барлық жабдықтар жаңартылып, бөген шаруашылығы кеңейтіледі, құбыр жүйесі алмастырылады. Жаңарту аяқталғаннан кейін екі зауыттың жалпықуаты жылына 30 миллион бекіре шабағын өсіруге жететін болады”,-деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және жануарлар әлемі комитетінің атқарушы төрағасы Марлен Айнабеков.

Қазіргі уақытта 90 жылдардың ортасында салынған екі зауыттың қуаты-жылына 7 миллион шабақты құрайды.

 

Әсем Сырғабаева

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *