Атырау қаласында спорт мектебі пайдалануға берілді

Астана қаласының 20 жылдығы мерекесіне орай Атырау қаласындағы Тасқала ауылында балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі пайдалануға берілді, деп хабарлайды Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

20180707023004

Спорт мектебінің ашылу салтанатына Атырау қаласы әкімінің орынбасары Полымбет Хасанов қатысып, ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтады.

«Елбасымыз жүзеге асырып отырған саясаты арқасында салауатты өмір салтын ұстану, әсіресе балалар мен жастарды спортқа баулу, олардың спортпен тұрақты айналысуына көп мүмкіндіктер жасалуда. Бүгінгі округ тұрғындарының игілігіне берілген 320 орындық спорт мектебінің ашылуы – егемендігіміздің айғағы», – деді қала әкімінің орынбасары Полымбек Хасанов.

20180707022948

Мердігер мекеме «Ақтөбе Казмехано-монтаж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Ерлан Боқаев спорт мектебі ғимаратының кілтін қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ринат Ибрагимовке табыстады.

Қолданысқа берілген спорт мектебінде сегіз спорттық зал бар. Онда спорттың кез келген түрімен айналысуға мүмкіндіктер жасалған. Арнайы тренажерға арналған спорттық жабдықтар да алынған. Мектеп сыртында теннис, баскетбол секілді спорт түрлерімен айналысуға арналған үлкен алаңдар бой көтерген.

Хорлан Смадияр

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*