Атырау қаласында ПИК-ті цифрландыру жүзеге асырылды

Атырау қаласында ПИК-ті цифрландыру жүзеге асырылды.

WhatsApp Image 2018-09-11 at 15.37.42

Енді Атырау қаласының тұрғындары atyrau.opencity.kz арнайы порталында «Жеке кабинетін» ашып, өз өтініштерін қалдырып, кооператив иелерінің жұмысын қадағалай алады,-деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл жоба ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде басталды, оның мақсаты ПИК қызметінің сапасын және ашықтығын арттыру болып табылады. Порталға 71 кооператив кіреді.

«Портал – ақпарат алмасудың бірыңғай платформасы. Атырау тұрғындары үйде отырып алдағы жұмыстардың жоспарларымен танысып, өз пікірін білдіруге мүмкіндік алады. ПИК өкілдері үшін де жұмыс жасау жеңілдейді. Мәселен, қандай да бір шешім қабылдау үшін кездесу ұйымдастырып, тұрғындарды жинап, жылыту уақытын және газды жөндеу жұмыстары туралы хабарлама таратудың қажеті жоқ. ПИК өкілдері қалай жұмыс жасайтыны, жиналған қаражатқа жұмсалу реті, қаржы есептері және т.б. толық ақпарат порталда бар»,-деп түсіндірді atyrau.opencity.kz сайтын жүргізу инженері Аман Сұлтанов.

Айта кетейік, atyrau.opencity.kz порталында қаланың интерактивті картасы және барлық қолжетімді ПИК, тұрғын үйлер туралы толық ақпарат бар.

Бұдан басқа, тұрғын үй иелері кооперативтердің қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептерді ғана емес, ПИК-тің қызметтері бойынша қарыздар туралы да біле алады.

Айқара Ғұмар

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*