Атырау қаласында бір автокөлік толық өртеніп кетті (ВИДЕО)

Атырау қаласында бір автокөлік толық өртеніп кетті. Тосын оқиға бүгін, яғни 11 қазан күні, сағат 10:17 шамасында орын алған.

2

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Peugeot – Пежо» маркалы автокөлік Атырау қаласындағы Л.Владимирский көшесінің бойында (облыстық перинаталдық орталықтың маңы) отқа оранған. Абырой болғанда, қаза тапқан және зардап шеккен адам жоқ.

Өрт сөндірушілер «тілсіз жауды» сағат 10:31-де өшірген. Оған 1 арнаулы техника және жеке құрамдағы 5 адам жұмылдырылыпты.

Бүгінде көліктің не себепті өртенгені анықталуда.

Айдос Қарабала

Фото және видео Youtube желісінен алынған

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*