Атырау қаласында 7 субұрқақтың құрылысы басталады

Биыл Атырау қаласына таяу орналасқан елді мекендерде 1 мың  орындық 4 мәдениет үйі, Д.Нұрпейісова атындағы музыкалық колледж студенттеріне арналған 100 орындық жатақхана, Тасқала селосында 320 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады.

Фонтан

Ал, Еркінқала, Ақжар, Жаңаталап, Томарлы селоларында жаңа мәдениет үйлері ашылады.  Сондай-ақ, Атырау қаласында 7 субұрқақтың құрылысы басталады.

«Бұл нысандар қала әкімінің азаматтарды қабылдауы мен кездесулерінде халықтан түскен ұсыныстары негізінде жүзеге асырылуда. Биыл азаматтардан жақсы идеялар жинауға бағытталған шаралар өтеді»,-деп хабарлады Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Айқара Ғұмар

Фото photogoroda.com сайтынан алынған

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*