Атырау қаласы маңынан жаңа мәдениет үйі мен агроөнеркәсіп кешені пайдалануға беріледі

Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы жұмыс сапарымен Қайыршақты ауылдық округіне барып, ондағы екі жаңа нысанның құрылысымен танысты, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

WhatsApp Image 2018-07-19 at 10.45.55 (1)

Қайыршақты ауылдық округіне жұмыс сапары барысында қала әкімі ауылдың шағын аудандары мен Томарлы, Талғайран, Бесікті, Көктем, Жұлдыз және Жұлдыз-3 ауылдарының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты.

Облыс орталығынан 5 км қашықтықта орналасқан ауылдық округте бүгінгі таңда 12 мыңнан астам адам тұрады. Қазіргі уақытта 3 мектеп пен 6 балабақша салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Осылай мектеп және мектеп жасына дейінгі балалар өз ауылында тікелей жақын маңдағы ауылдарға бармастан білім ала алады. Бүгінгі күнде Жұлдыз шағын ауданында «ТШО» ЖШС «Ігілік» әлеуметтік-инфрақұрылымдық бағдарламасы бойынша 624 орынға арналған орта мектептің құрылысы жүруде.

Қайыршақты ауылдық округінің әкімі Шапкат Қалиевтің айтуынша, ауылда жолдар мәселесі 97% шешіліп, жұмысшыларға 5,7 шақырым автокөлік жолдарын салу қалды. Мұнда жалпы ұзындығы 180 шақырым жол салынған. Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың соңына дейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде жалпы ұзындығы 25 км болатын 29 көшеге жарықтандырудың жаңа жүйесін енгізу жоспарлануда.

WhatsApp Image 2018-07-19 at 10.45.53

Cондай-ақ, ауылдық округте ауыл шаруашылығы дамып келеді. Жергілікті фермерлер тамшылатып суарып және мемлекеттік субсидияны пайдалана отырып, жылыжайларды ашты. Бүгінгі күні бұл әдіс 330 гектар жерді игеруде. Олардың өнімдері қала нарықтарында төмен бағамен сатылады.

Жақын арада «Көктем» ықшам ауданында орналасқан «Дастан» агроөнеркәсіп кешенін ашу жоспарланып отыр. Онда 1000 тонна көкөніс, көкөніс қоймасы, сондай-ақ өнімнің сатылу нүктесі бар. Бұл нысан кәсіпкер Қоныс Ермановтың өз қаражатына салынды.

Жаңа нысан Қайыршақты ауылдық округінің тұрғындары үшін ғана емес, тұтастай қала үшін де зор маңызға ие. Жергілікті фермерлер өсірген өнімдердің арқасында, қала нарығында жыл бойы жаңа және сапалы өнімдер сатылады. Бұл импортты алмастыруға оң әсер етеді. Тағы бір жақсысы, жергілікті өнімдердің бағасы нарықтық бағалардан төмен болуы, – дейді Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы.

Қала әкімінің аралаған келесі нысаны – Қайыршақты ауылдық округіндегі жалғыз Томарлы ауылында орналасқан 400 орындық жаңа мәдениет үйі болды. Нысан толық 100% дайын, оны ашу биылғы жылдың тамызына жоспарланған. Жаңа нысанда 10 қызметкер жұмыс жасауда. Мұнда мәдени іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр, мектеп оқушылары мен жергілікті жастар хореография, музыка және актерлік шеберлік сабақтарынан үйірмелерге қатыса алатын болады.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*