Атырау қалалық №7 емханада жаңа медициналық кабинет ашылды (ФОТО)

Атырау қалалық №7 емхананың емделушілері енді ғимараттар арасында әрлі-берлі жүріп, уақытын текке өткізбейтін болды. Себебі, ондағы екі ғимаратты жалғайтын өткел құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Жергілікті бюджет есебінен салынған нысанның ашылу салтанатында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева емхананың жаңа қызмет түрлері және пайдалануға берілген замануи құрылғылардың жұмысымен танысты.

ЕАС 292

Бүгінде емхананың тіркеу бөлімі де заман көшіне ілесіп, электронды кезекпен жұмыс істеуде. Желтоқсанның төртінен бастап тұрғындарға қызмет көрсете бастаған емхананың «жедел жәрдем» бригадасы да өз істерінің тиімділігіне тоқталды. Жалпы денсаулық орталығының меңгерушісі Эльмира Мерешованың айтуынша, мұнда үш бригада тәулікке кезекке тұрып шақыртуларға барады. «103» нөміріне келген науқастардың қоңырауы учаскеге, соның ішінде созылмалы ауру түрлеріне қатысты болса осында жолданады. Кезекші қызметкерлер мүмкіндіктерінше 3-5 минут аралығында науқасқа жетуге тырысады. Мақсатымыз – орталық «жедел жәрдем» қызметін жеңілдету, тұрғындарға уақытылы медициналық көмек көрсету. Бүгінге дейін жүзден астам қоңырау келіп түсті»,-дейді ол.

ЕАС 169

Мәншүк Құдайбергенқызы да емхана жанындағы бұл қызметтің тиімділігіне тоқталды. Айтуынша, учаскелік дәрігерлер өздерінде тіркеуде тұрған тұрғындардың денсаулығын жақсы білетіндіктен, оларға көмек көрсету де әлдеқайда жеңілірек болады. Ол жыл соңына дейін медицина мамандарының кәсіби біліктілігін арттыруға қатысты өзге де жаңашылдықтардың болатынын мәлім етті.

ЕАС 258

Германияның сандық «АКВА» құрылғысы қойылған маммографиялық кабинеттің де атқарар рөлі зор. Емхананың директоры Сағытжан Айдаралиев жергілікті бюджет есебінен алынған бұл құрылғы дәрігерлердің жұмысын жеңілдетсе, скринингтік тексеруден өту үшін емделушілерге енді өзге жерге барудың да қажеттілігі жоғын айтты. «Тәуелсіздік мерекесін біздің ұжым бірнеше жағымды жаңалықпен қарсы алғалы отыр. Емханада тіркеуде тұрған 37 мыңнан астам адам бар. Азаматтарға сапалы қызмет көрсету жолындағы жұмыстарымыз алдағы уақытта да жалғасын табады»,-деді ол.

ЕАС 326

М.Құдайбергенқызы бастаған топ одан әрі «Демеу» жастар орталығы, жүректің жұмысын бақылайтын «Тридмил» құрылғысы, қан қысымын өлшеп түбіртек шығарып беретін өзге де заманауи құрылғылармен танысып, жаңа өткелмен жүріп өтті. Жаңа ғимараттың лентасын облыстың бас дәрігері мен медицина ғылымдарының докторы, профессор Орынғали Балтаев қиып, емхана жұмысына сәттілік тіледі.

ЕАС 341

Мәлике МӘЛІК

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*