Атырау қалалық №5 емханасында сал ауруына шалдыққан балаларды оңалту орталығы ашылды (+ФОТО)

Басты жаңалық Жаңалықтар Медицина

Мұнда тірек-қимылды қалпына келтіретін құрал-жабдықтар, массаж, емдік дене шынықтыру, эрготерапия және физиотерапия емін қабылдайтын арнайы құрылғылар да бар.

20181224_134501

20181224_134656

Барлық қызмет түрі тегін көрсетіледі. Бүгінде орталықта сал ауруына шалдыққан  балалар, ми қанайналымының жедел бұзылысы болған адамдар, сондай-ақ, нерв жүйесінің дамуында ақауы барлар ем қабылдауда. «2011 жылы тұңғыш перзентімді өмірге әкелерде босану жолдарының жарақаты салдарынан сәбиіме тоғыз айында сал ауруының атонико-астатикалық түрі диагнозы қойылды. Содан бері  массаж бен қарқынды ем алу арқасында бала 2,5 жасында өздігінен жүрді. «Болашақ» оңалту орталығынан логопед, дефектолог, психологтардың кеңесін алып, кешенді терапиядан өттік. Алайда, бұл ем бағасы 250 мың теңгеден аса қаражатты қажет ететін.

20181224_135308

20181224_134847

Кейін емханамызда ашылған оңалту орталығы бізге үлкен демеу болды. Жанғалиева Айнагүл есімді маман бір сағаттан аса медициналық қызмет көрсетуден жалыққан емес. Нәтижесінде бала дамуында айтарлықтай жетістіктер байқалады» дейді көп балалы ана Ақмарал Ерланқызы. Сондай-ақ, оңалту орталығында жалпақтабандылыққа ем-дом көрсетіледі. Баланың денесін тік ұстап, түзу жүрмегеннің салдарынан омыртқа қисаяды. Оған емдік массаж, парафинмен физиотерапия жүргізіледі. Ал, эрготерапия нәтижесінде қолдарының ұсақ моторикасы дамып, кішкене бөлшектермен жұмыс жасауды (бау байлау, кілттеу, бұрау, ілгек тағу) үйренеді.

 

20181224_135409

20181224_140212

– Балалардың емі орталықта он күн жүргізіліп, үш ай үзілістен соң қайта жалғастырылады. Күнделікті киіну, заттарды сөмкеге салу сынды іс-әрекеттер басқа бүлдіршіндерге жәй нәрсе болғанымен, ерекше балалардың мұндай нәрселерді өз бетімен жасауы – үлкен жетістік. Алдағы уақытта емдеу курсына логопед, дефектолог мамандарды да тару жоспарда бар. Біздің басты мақсат – ерекше балғындардың болашағына жарқын үміт сыйлау, – дейді емхананың директоры Күлшара Жұмағалиева.

 

  • Балалардың сал ауруына шалдығуының жоғары көрсеткіштері Алматы мен Астана  қалаларында, ал облыстардың ішінде Атырау мен Жамбыл аймағы көш бастап тұр.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *