Атырауға Рио олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов келеді (ВИДЕО)

3-4 қараша күндері Исатай ауданында спортшылар автокөлік үшін  бақ сынасады. Аққыстау ауылында басталған республикалық турнир Исатай ауданының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Бақтығали Ғұбайдуллинді еске алу мақсатында ұйымдастырылуда. Додада жасөспірімдер дзюдодан, ересектер қазақ күресінен жарысқа түседі.

rio-1-gun-02

Ашық турнирдің бас қонағы – Рио олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов. Екі күнге жалғасатын турнирге еліміздің түйе палуаны, Қазақстан барысы Еламан Ерғалиев келеді деп күтілуде. Айта кетелік, республикалық доданы аудан әкімдігі мен «Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубы ұйымдастыруда.

Баян АТАЙМАНҚЫЗЫ.

Исатай ауданы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*