«Атырау-Ақпараттың» іріктеу кезеңінде «Атырау-Жарық» жеңімпаз атанды (ФОТО)

Махамбет ауданында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы басым бағыттарды насихаттау мақсатында «Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігінің Кубогі үшін шағын футболдан өткізілген облыстық кезеңге іріктеу турнирі өз мәресіне жетті.

IMG_6014

Турнирге барлығы алты команда қатысып, өз бақтарын сынады. Олар екі топқа бөлініп, облысқа жолдама алу үшін додада барын салды.

IMG_6005

Екі топтағы жарыс аяқталғаннан соң, ІІІ орын үшін тартысты бәсекеде Орман шаруашылығы мекемесінің командасы аудандық Ішкі істер бөлімі командасын 4:1 есебімен ұтса, І орынға таласта «Атырау жарық» командасы «Автомобилистерді» 4:0 етіп жеңіп, турнирдің облыстық кезеңіне жолдама алды.

IMG_5993

Тартысты ойын барысында ерекшелігімен көзге түскен «Атырау Жарық» командасының ойыншысы А.Салимов «Үздік ойыншы» атанса, қарсыластың соққыларын қалт жібермеген осы команданың қақпашысы Қ.Ағелеуов «Үздік қақпашы» атағына ие болды. Сонымен қатар, «Автомобилист» командасында үздік ойын үлгісін көрсете білген Р.Сұлтанов «Үздік шабуылшы» аталымына лайық деп танылса, Спорт мектебі командасының белді ойыншысы Ә.Бекжанұлы «Үздік қорғаушы» атанды.

IMG_5990

Жарысқа қатысушылар мен жүлдегерлерге «Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігі атынан дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.

IMG_5986

IMG_5988

 Диас ТАРАСҰЛЫ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*