«Атырау-Ақпаратта» – атаулы мереке

Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай «Атырау-Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде салтанатты шара ұйымдастырылды. Оған аталған мекеме  қызметкерлерімен бірге  осы сала ардагерлері де  шақырылды.

ANU_4598

Қарымды қалам иелерін кәсіби мерекелерімен серіктестік директоры Баязи Әбдешев құттықтады.

ANU_4579

– Бұл журналистер үшін ерек күн. Күндіз-түні көпшілікті қажетті ақпараттармен қамтып, билік пен халық арасындағы «алтын көпірге» айналған «төртінші билік» өкілдері қандай құрметке де лайық. Осы ретте «Атырау-Ақпарат» ұжымының қызметкерлерін атаулы күндерімен құттықтаймын. Әрқайсысыңыздың бастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін, – дедеі ол.

ANU_4563

Бұдан соң ерекше көзге түскен бір топ еңбек иелеріне Алғыс хат табысталып, қаржылай сыйлықтар ұсынылды. Олар үшін Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармония әншісі Шолпан Мұқашева әннен шашу шашты.

Мерекеге  жиналғандар көрінбейтін камера арқылы «Атырау-Ақпараттың» бір күндік тыныс-тіршілігіне саяхат жасады. Өздерін тосын қырынан танытқан бейнеролик кейіпкерлерінің іс-әрекеті көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

ANU_4612

Ал, саналы ғұмырын ақпарат саласына арнап, кейінгі буынға білгенін үйретуден жалықпаған ардагер журналистерді осындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтқали Нұрғалиев құттықтады. Олардың құрметіне журналист Нұрым Ерғалиев әуелете ән салды.

ANU_4560

Бұл күні «айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған» шалғай аудандардағы басылым қызметкерлері де назардан тыс қалмады. Құрманғазы аудандық «Серпер» газетінің бас редакторы Таңатар Дәрелұлы аудандық  газеттер атынан  барлық әріптестеріне жылы лебізін жеткізсе, осындағы кәсіподақ ұйымының төрағасы Бақытжан Жұмат олардың құрметіне Шәмші әндерінен поппури орындады.

ANU_4602

Одан әрі «Прикаспийская коммуна» газетінің шолушысы Қаршыға Көшеков жиналғандар үшін тағылымды ойын ұйымдастырып, бой сергітіп алды. Аталған газет ұжымы журналистің тыныс-тіршілігін еш боямасыз баяндаған сахналық көрініс қойды. Бір топ журналистке достық ниетпен бейнеленген өздерінің портреттерінің  табыс етілуі  де жарасымды болды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*