«Атырау-Ақпарат» ұжымы «ЖайықМұнайГаз» қызметкерлерімен кездесті (ФОТО)

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы басым міндеттерді насихаттау мақсатында «Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігі қолға алған «Туған жер» атты этно-мәдени шарасы бүгін Исатай ауданында жалғасын тапты.

ANU_1785

Облыс өмірін баспасөз бетінде өрнектеп келе жатқан шығармашылық ұжымды аудан әкімдігінің өкілдері бастап қарсы алды. Бірлігі бекем, мерейі үстем шығармашылық ұжымның аудандағы сапары бүгін “ЖайықМұнайГаз” мұнай-газ өндіру басқармасының Салтанат Балғымбаев кен орнында мұнайшылармен кездесуден басталды. Мұнайлы өңір Атыраудың даңқын асқақтатып жүрген Салтанат Балғымбаев кен орнының мұнайшыларына Исатай ауданы әкімінің орынбасары Бейбіт Мырзағалиев және “Атырау-Ақпарат” медиасеріктестігі директорының орынбасары Рауан Сәбитұлы бастаған бір топ қарымды қаламгерлер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласы бойынша кеңінен әңгіме өрбітіп, жан-жақты түсіндірді.

ANU_1804

Облыстық “Атырау” газеті бас редакторының орынбасары Нұрлан Қабылов Президент мақаласындағы айтылған ойларға кеңінен тоқталса, “Прикаспийская коммуна” газетінің бас редакторы Нәсіп Шалабаева Елбасы белгілеген басым бағыттар туралы әңгімеледі.

ANU_1799

Сондай-ақ, “Атырау” газетінің шолушысы Бақытжан Жұмат, “Прикаспийская коммуна” газетінің арнаулы тілшісі Қаршыға Көшековтер де рухани жаңғыруға бет алған мемлекетіміздің өміріндегі елеулі өзгерістерге тоқталды.

ANU_1757

Кездесу барысында аталмыш кен орнының мұнайшылары Елбасы мақаласына байланысты байланысты өз сауалдарын қойып, тұщымды жауаптар ала білді.

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Суреттерді түсірген: Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*