“Атырау-Ақпарат” ұжымы Мақаш әкімге зиярат етті (ФОТО)

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы басым міндеттерді насихаттау мақсатында «Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігі ұйымдастырған «Туған жер» этно-мәдени шарасы аясында ақпараттық топ мүшелері Құрманғазы ауданындағы атақты Мақаш әкімнің зиратына аялдап, тағзым етті.

ANU_0805

Бірлігі бекем, мерейі үстем шығармашылық ұжым көрнекті қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым Мақаш Шолтырұлы Бекмұхамбетовтың зиратына мінәжат етіп, рухына құран бағыштады.

ANU_0792

Халық құрметпен Мақаш әкім деп атаған Мұхамбетжан Шолтырұлы Бекмұхамбетов – белгілі қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым. Ол ХІХ ғасырдың екінші жартысында Атырау мен Ақ Жайықтың бойында елу жылдай ел басқарған белгілі тұлға. Бөкей ордасындағы Жәңгір мектебінен кейін Орынбордағы Неплюев атындағы кадет корпусында оқып, кіші унтер-офицер атағын алған, есаул шенінде зейнеткерлікке шыққан.

ANU_0789

Бөкей ордасының Теңіз жағалауы  аймақтарындағы әкімшілік басқару ісінде, Хан ордасындағы Уақытша Кеңестің кеңесшісі сияқты жауапты қызметтерде, одан кейінгі зейнетке шыққан шақтың бәрінде де Мақаш Шолтырұлы туған халқына адал болып, ел мүддесі жолында атқарған істері арқасында аты аңызға айналған, қандастары арасында аса жоғары беделге ие болған кісі екен. Оған  орыстардың да құрметі ерекше болыпты. Аса абыройлы, парасатты да әділетті жан патша үкіметінің жергілікті шенділеріне өз сөзін өткізіп, олармен еркін сөйлесіп, өте жақсы қарым-қатынаста болған көрінеді. Мақаш әкімнің осындай ерліктері арада жүз жылдан астам уақыт өтсе де әлі күнге дейін ұмытылмаған, ел ішінде жұрт  аңыз қып айтып отырады екен.

ANU_0796

ANU_0810

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Суреттерді түсірген: Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*