“Атырау-Ақпараттың” Құрманғазы ауданындағы “Туған жер” этно-мəдени шарасы басталды (ФОТО)

Мұндағы мақсат – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы басым міндеттерді насихаттау.

ANU_0774

Құрманғазы ауданының шекарасында құрамында «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының орынбасары Рауан Сәбитұлы, облыстық «Атырау» газеті бас редакторының орынбасары Нұрлан Қабылов, «Прикаспийская коммуна» газетінің редакторы Нәсіп Шалабаева, “Атырау” газетінің шолушысы Бақытжан Жұмат, «Прикаспийская коммуна» газетінің арнаулы тілшісі Қаршыға Көшеков, Интернет-сайттар редакциясының жетекшісі Нұрсұлтан Мықтыбай, фототілші Әнуар Әбілғазиев, серіктестіктің бренд-менеджері Нұрислам Ғұмар бар топты аудан әкімдігі басшылығы, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері қызметкерлері мен “Серпер” газетінің бас редакторы Таңатар Дәрелов бастаған редакция қызметкерлері құшақ жая қарсы алды.

ANU_0775

Елбасы өз мақаласында: «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» деп атап өткен болатын. Иә, расында да, еліміздің әрбір өлкесі – өзіндік тарихымен ерекшеленеді. Ендеше, облыс көлеміндегі осынау игі бастаманың күй атасы Құрманғазы топырағынан бастау алуы да тегін емес. Бұл жер – әр тасы тылсым сыр мен шежіреге толы мекен.

ANU_0778

Этно-мәдени шара барысында медиасеріктестік ұжымы аудан мекемелерінде болып, халықпен кездесіп, Елбасы мақаласы туралы кеңінен әңгіме өрбітетін болады.

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Суреттерді түсірген: Әнуар Әбілғазиев

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*