Атырауға Үндістанның Қазақстандағы елшісі келді

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Үндістан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Прабхат Кумармен кездесті.

b771dc59-a5cf-436b-90da-f5f514789aac

«Бүгінгі күні Атырау облысының Үндістанмен тауар айналымы 547 млн. долларды құрайды. Өңірде үндістандық капиталдың қатысуымен 20 компания жұмыс істейді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел экономикасының барлық салаларына инвестициялар тартуға үлкен көңіл бөлуде. Осы факторды ескере отырып, бізде шетелдік инвесторлардың капитал салуын ұлғайту үшін барлық мүмкіндіктер бар»,-деді Нұрлан Ноғаев.

Облыс әкімі инвесторлардың өңірдің қолайлы инвестициялық ахуалына назар аударатынын және жергілікті атқарушы органдар компанияларға мейлінше қолайлы жағдай жасауға дайын екенін атап көрсетті.

138ef8b7-22fd-4374-afb6-19688a62cc20

«Менің міндетім – екі елдің арасындағы қолайлы қарым-қатынасты дамыту. Экономикалық ынтымақтастықтың да маңызы зор. Қазақстанда біздің еліміздің бизнесінің қатысуымен 200-ден аса компания жұмыс істейді. Біздің сапардың бағдарламасына қазақстандық тараптың да, үндістандық тараптың да әлеуетті инвесторларымен кездесу енгізілген»,-деп атап өтті Прабхат Кумар.

Айқара Ғұмар

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*