Атырауға эрготерапевт, педиатор-иммунолог мамандар келді

APEC PetroTechnic жоғары колледжінде «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен алғаш рет ерекше балалардың аналары форумда бас қосты. Мұнда қатысушыларға ақыл-кеңес беруге Астана, Алматы қаласынан эрготерапевт, педиатор-иммунолог мамандар арнайы шақырылды.

1

Еліміздегі экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуынан, туа біткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулар салдарынан қасірет дертке шалдыққандардың саны жылдан-жылға артуда. Сондай баласы бар аналардың бірі – Жаннұр Қуанғалиева. Жалғыз басты ананың бауыр еті баласы жеті жылдан бері сал аурына шалдыққан. Бүгінде төсекке танылған қызының жағдайы жақсарып қалды. Бұған төзімділігінің арқасында қол жеткізгендігін айтады.

«Оқып ізденгенімнің арқасында эпилепсияны дұрыс тамақтанумен жеңуге болатынына көзімді жеткіздім. Дәрі-дәрмекпен ешқандай баланы уламай, алға қойған мақсатқа жетуге болады. Соны өзім дамытып, басқа аналармен бөлісе отырып, осындай орталық ашқым келеді»,-дейді Ж.Қуанғалиева.

Гүлдана Жамбозова

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*