Атырауға экологияны тазалайтын жаңа аспап әкелінді

Атырау облысы бойынша экология департаментінен хабарланғанындай, биылғы жылдың басында аталған мекемеге ауаның, топырақтың және судың ластану деңгейін анықтайтын алты бірлік аспап келген.

16708

Біріншісі – «Флюорат-02» газ анализаторы» деп аталады. Бұл аспап судың құрамында мұнай өнімдерінің, ерітілген химиялық заттар қоспаларының бар-жоқтығын анықтауға мүмкіндік береді.

Екіншісі – «Автотест-01.04 М» газ анализаторы. Атауынан-ақ аңғарылып тұрғанындай, түтін өлшеуіш бұл құрылғы автокөліктердің, сондай-ақ бензинмен және дизель отынымен жанатын қозғалт-қыштары бар басқа да транспорт құралдарында пайдаланылған газ мөлшерін анықтауға арналған.

Үшіншісі – «Полар – Т» газ анализаторы.  Оның көмегімен өнеркәсіптік шығарындылардағы зиянды заттардың немесе қалдықтардың шоғырлану деңгейін дәл білуге болады. Бір ерекшелігі, құрылғы тасымалданады, өлшемдер кәсіпорынға жақын жерден жүргізіледі.

Төртіншісі – «МЭС-200 А» метеометрі. Бағасы 278 мың теңге тұратын Бұл аспапты қолдану арқылы қоршаған ортаның негізгі параметрлерін (атмосфералық қысымды, ауа температурасын, желдің бағыты мен жылдамдығын) анықтай аласыз.

Бесіншісі – «Крот»      жиынтығы. Аспап топырақтан сынама үлгісін алуға ар-налған. Ол «бұранда» түрінде болады. Тек тығынның орнына жер қабатынан зерттелетін материалдың цилиндр пішіндес кесегін алып шығады.

Алтыншысы ­– «ГАНК-4» газ анализаторы. Мұндай аспап түрі бұған дейін де «Қазгидромет» РМК Атырау облыстық филиалында қолданылған. Осында аталмыш құралдың көмегімен ШРК     асуының деңгейі анықталған.

Департаменттің зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің басшысы Жолдасқали Телағысовтың айтуынша, бұл аспаптардың бәрі де Ресей елінде жасалған. Қазіргі уақытта оларды пайдалануға рұқсат алу үшін мемлекеттік сараптамадан өткізу шаралары алынуда. Көп кешікпей қолданысқа енгізілмек.

Дәулетқали АРУЕВ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*