Атырауға ауаны ластаушы заттар таралуы мүмкін

Жексенбі, 18 ақпан күні метеожағдайлар Қазақстанның 9 қаласында атмосфераның нашарлауына әсер етеді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20180203134902

Атап айтқанда, Ақтау, Алматы, Атырау, Қызылорда, Павлодар және Талдықорған қалаларында ауаға ластаушы заттардың таралуы күтіледі.

Сондай-ақ Ақтөбе, Астана, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Петропавл, Тараз, Орал және Өскемен қалаларында атмосферада ластаушы заттар жинақталады деп күтілуде.

Еске салайық, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазгидромет» РМК-ның www.kazhydromet.kz сайтында алдағы тәулікке арналған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға арналған болжамдар жарияланып тұрады.

Ауаның ластануына болжам жасауда атмосферадағы зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін метеофакторлар (тыныш, баяу жел, тұман, инверсия) ескеріледі. Бұл жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлап кетеді.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*