Атырауда аттас көшелер көбейіп кетті

Облыс орталығында аттас көшелер әлі де болса кездеседі. Соның бір айғағы – Мұрат Мөңкеұлы атындағы қос көше. Біріншісі бұрын Кудряшов, екіншісі Қостанай аталған. Ең сорақысы – бір үйдің коммуналдық төлемдерін нөмірлес екінші үйдің тұрғындары төлеп отырғаны.

2700269

Қаланың екі бөлігінде орналасқан көшелердің бірдей аталуы тұрғындарды әбден әбігерге салды. Мәселен, әлдеқашан сатылып кеткен бір үйдің 35 мың теңге коммуналдық қарызын нөмірі соған ұқсас екінші көшедегі үйдің жасы ұлғайған тұрғындары абайсызда төлеп қойғаны бар. «Жаман айтпай, жақсы жоқ», ертең бұлардың атынан біреу несие алып, не тіпті сатып жіберсе, баспанадан айырылу деген осы ғой.

Сол сияқты, іздеп келген үйді таба алмай, уақыт жоғалтатындар қаншама? Ондай мысалдар көптеп кездеседі. Бұл мәселені шаһар басшылығы тездетіп қолға алуы керек.

Айгүл АХМЕТЖАНОВА,

Атырау қаласының тұрғыны.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*