АСЫЛ ҚАСИЕТ ЖӘНЕ АЗҒЫНДЫҚ

Геном дегеніміз – хромосомалық тұқым қуалау факторларының жиынтығы. Яғни, генеология – шыққан тегін (шежіре) тарату дейтін болсақ, атам қазақтың тектің тазалығына зор мән бергендігі тектен-тек емес.

Халқымызда асыл қасиет деген ұғым бар. Ата-анадан ұрпаққа берілетін осы бір асыл қасиетке кіретін ақыл, денсаулық, жігер, қайрат, зерде, қуат, рух деген ұғымдар бөлінбей бірге жүреді. Сондай-ақ, сезімталдық, иіс сезгіштік, дәм айыра білу, тіпті, талғампаздық қасиеттер де әр адамда әртүрлі болып келеді. Адам баласы жер бетінде пайда болған заманда оларда ағзаға қажет дәрілік заттар мен қатты улы заттарды шатаспай дәл анықтайтын қасиеттер қазіргі адамдарға қарағанда анағұрлым басым болған. Тіпті, улы заттардың мыңдаған түрін исінен айыра алатын, ауырса дәрілік заттарды, шөптерді өзі іздеп табатын қасиет бүгінгідей иісшіл иттерден бірде-бір кем болмаған, қазіргі заманда да ондай адамдар кездеседі.
Ал, осы асыл қасиетке қарама-қарсы азғындық деген де ұғым бар. Азғындық дегеніміз – геномның тозуы, адамның атадан балаға берілетін асыл қасиеттерді біртіндеп жоғалтуы, геномның шатасуы, қабілетсіздігі. Бұған туа біткен кемтарлық, аурушаңдық, зердесіздік, ақылсыздық, жігерсіздік, талғамсыздық, гомосексуализм, лезбияндық және басқа да көптеген белгілер жатады, оны қазақ бір сөзбен қасиетсіз деген ұғыммен анықтайды.
Мал баққан қазақ оны асылдандырумен ұдайы айналысқан және генетика заңын өте жақсы білген. Мысалы, жылқы – үй жануарлары ішіндегі өзінің асыл қасиетін ең көп сақтаған жануар. Оның себебі де бар, қазақтар егер де айғыр өз ұрпағын үйірден қуып шығармаса, оларды танымаса, боранда адасса, шөп, су таба алмаса, үйірін қасқырдан қорғай алмаса, оны азғындыққа ұшырады деп танып, соғымға сойып, үйірге жабайы жылқының ұрпағы торпанның айғырын салатын болған, олардың геномы үй жылқысына қарағанда бір генге артық.
Жылқы демекші, өткен ғасырда оқымыстылар зебра жылқысы мен үй жылқысын будандастырмақ болып бір жыл ұстаған. Әлгі айғыр биелерге шапқанмен, одан ұрпақ болмаған. Бұдан ештеңе шықпаған соң, жаңағы үйірге үй жылқысы айғырын қосады. Жыл өткен соң үйірде құлындар пайда болады, бір ғажабы, кейбір құлындардың арасында зебраға тән жолақтары бар құлындар да болады. Бұдан оқымыстылар жатырда болған шәуіттен (спермадан) ұрық дамымаған күнде де келесі ұрпақтың геномына өз белгілерін беретін қабілеті бар екенін анықтайды.
Бұл заңдылықты қазақтар көне заманнан білген. «Қазақ жесірін жатқа бермеген» деген ұғым осыдан туған, күйеуі өлген жесір әйелді оның ағасына немесе інісіне атастырған. Бұның бәрі болашақ ұрпақтың қамы, геномның тазалығын сақтауға бағытталған. Бір-бірімен туыстық қатынасы жоқ әртүрлі ер адаммен бас қосқан әйел дүниеге нәресте әкелгенде ол балада барлық әкелердің де геномы болады. Сонда ең бір қиын жері сол, оларда бар тұқым қуалайтын аурулар топтасады, содан ұрпақ аурушаң, әлсіз болып дүниеге келеді.
Атам қазақ осыншама ұлан-ғайыр жерді ешбір өзгеріссіз, табиғатқа еш салмақ салмай бізге жеткізген. Тіпті, үй жануарларын да қаншама қиын болса да табиғи жағдайда ұстап, азғындыққа ұшыратпай, таза күйінде осы заманға әкеліп отыр. Айталық, шошқаны алатын болсақ, ол – адамдардың мыңдаған жылдар қолда ұстауы салдарынан азғындыққа ұшыраған мақұлық. Ол өз баласын тану қасиетінен мүлдем айырылған, өз баласынан өзі туады, өз баласын да өзі тудырады. Тіпті, нәжісін де, тіпті өз баласын да өзі жейді. Оның еш талғамы жоқ, паразиттік, инфекциялық аурудың барлық түрімен ауырады және жұқтырады. Оның миынан жасалған церебрализин дәрісінен Еуропаның өзі бас тартты. Сондай-ақ, гендік модификацияға ұшыраған жеміс-жидекті жеудің өзі күмәнді, оның болашақ әсері әлі толық зерттелмеген.
Бұрынғы кезде ғылымда «геном тек қана шәуіт (сперма) жатырға тірілей түскенде ғана беріледі, барлық белгілер шәуіттегі (спермадағы) белоктарға жазылған» деген теріс ұғым болған. Қазіргі таңда геномның ұрпақтан-ұрпаққа берілу тәртібі электромагнитті толқындар тәрізді болатыны, оған шәуіттің (сперманың) жатырға жақын келуі жеткілікті екені, тіпті, оған мүшеқаптың да еш кедергі бола алмайтыны анықталып отыр. Жыныстық қатынаста болған ер адам мүшеқап пайдаланса да, өз белгісін болашақ ұрпаққа арнап ана құрсағында мәңгі қалдыратыны анық. Осы шындықты болашақ аналар жадына мықтап түюлері тиіс.
Қазақ ұлты пәктікке қатты көңіл бөліп, оны ту еткен. Өйткені, оның артында «ұрпақ болашағы» деген ұлы аманат тұр. Бойжеткеннің «пәктігі» батыс елдерінде керісінше сипат алып, одан айырылуды мектеп бітірген жастар өздерінің ержеткендіктерін көрсету деп санайтыны белгілі. Оның үстіне «азаматтық неке» деген бәле және етек алуда. Екі жас өзара келісім арқылы пәтер жалдап, бірге тұрады. Егер екеуі бір-бірін түсініспей, бір-бірін жақсы көрмейтіндеріне көздері жетсе, екі жаққа кете береді. Бұл не деген масқара?!
Жалпы, бірін-бірі жақсы көру, бір-біріне ынтызарлық, құштарлық, махаббат сезімі – адамзатқа табиғаттың тартқан үлкен сыйы. «Асыл ұрпақ шынайы махаббаттан туады» деген сөзде терең мағына бар. Гендердің үйлесімділігін екі жақ та лабораториясыз сезеді, табиғат бүкіл тіршілікті солай етіп жаратқан. Табиғат заңына қарсы әрекет жасаған адам оның жазасын тартады. Соның ішінде табиғат аналарға жауапкершілікті көбірек жүктеген. Оларда «ХУ» деген ер адамға қарағанда басым ген бар, ғылымда оны «доминирующей ген» деп атайды. Қазақта «баланың нағашысы кім екен?» деген ұғым бар, осы заңдылықты олар жақсы білген, қалыңдықты баласына ата-анасы іздеген. Қазақ қыз баланы әлпештеп өсірген, оларды қонақ деп төрге отырғызған. Сөйте тұра, «қызға қырық үйден тыйым» деп, оның тәрбиесіне бүкіл ауыл араласқан.
Қорыта айтқанда, асыл қасиетімізді сақтайық, азғындықтан аулақ болайық, ағайын!

Ғазиз ЕСҚАЛИ,
№7 емхананың бас дәрігері,
Атырау қаласы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*