Астраханьда іздеу салынған Қазақстан тумасы Атыраудан табылды

Астраханьда полицейлердің өліміне қатысы бар деген күдікпен іздеу салынған Қазақстан тумасы Атырау облысынан табылды деп хабарлайды Baq.kz.

pogudx3ea8ikhm34n.98f5ff6d

ҰҚК және ІІМ қылмысқа қатысы бар күдіктілерді іздеу мақсатында ресейлік әріптестерімен қарым-қатынас орнатып, шекарадан өткізу пунктерінде бақылауды күшейткен болатын. Кеше жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде іздеу жарияланған адамдардың бірі Ғизатов Әлібек Батырбекұлы (Қазақстанның тумасы, 1990 жылы туған) Атырау облысынан табылды.

Ғизатов ел аумағына 31 наурызда кәсіпорындардың бірінде вахталық әдіспен жұмыс істеу үшін келген. Алдын ала мәліметтер бойынша ол қарулы шабуылға қатыспаған. Қазіргі кезде қылмысқа қатыстылығын анықтау үшін Ғизатовты ресейлік тарапқа беру мәселесі қарастырылуда.

Естеріңізге салып өтсек, оқиға Астраханьда 4 сәуірге қараған түні болған. Суық қаруланған 4 адам тексеру үшін тоқтатқан полицейлерді атып өлтіріп, оқиға орнынан ізін суытыпты. 27 жастағы негізгі күдіктінің ұлты қазақ деп жазып жатыр ресейлік БАҚ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*